16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №160

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие. Министр В.ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №160 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер теңге/кВтс Тобы Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер 2015 1-топ 8,8 2-топ 8,7 3-топ 7,5 4-топ 6,0 5-топ 8,05 6-топ 8,3 7-топ 7,3 8-топ 7,5 9-топ 7,6 10-топ 8,6 11-топ 11,62 12-топ 8,8 13-топ 4,5 14-топ 10,64 15-топ 8,3 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10595 болып енгізілді.